Өткен айда баспананы сату-сатып алу азайды

529

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33587 мәміле тіркелді. Бұл 2022 жылдың қараша айына қарағанда 0,6%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz.   

Өткен айда баспананы сату-сатып алу азайды Фото: 24.kz

Мәмілелер ең көп жасалған өңірлерге Алматы (8063) және Астана (5004) қалалары жатады. Тұрғын үй саудасы бойынша ең аз операциялар саны Ұлытау облысында байқалып отыр (343).

"Қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында ең көп өсім Ақтөбе (20,8%) облысында және Алматы (14,0%), Шымкент (9,8%) қалаларында тіркелді. Бір айдағы ең үлкен құлдырау Солтүстік Қазақстан (-25,3%), Шығыс Қазақстан (-19,4%) облыстарында және Астанада (-15,0%) байқалды", - делінген хабарламада.

Келісімдердің жалпы санының 77,5%-ын көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелері құрайды. 2022 жылдың желтоқсан айында барлығы 26 033 мәміле жасалды. Бұл қараша айымен салыстырғанда 236-ға артық.

Ақпаратқа сәйкес, бір бөлмелі пәтерлер сатылымы көш бастады: желтоқсанда 10 384 мәміле жасалды. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына тиесілі (61%).

"2 бөлмелі пәтер бойынша 9 062 мәміле жасалды. 2022 жылдың қараша айына қарағанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 446-ға азайып, 7554-ті құрады. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Маңғыстау облысында тіркелді, ең жоғары құлдырау – Қарағанды облысында", - деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу