Өткен жылу беру маусымы үшін тұтынушыларға 737 млн теңге қайтарылды

496

Жылу беру кезінде артық төленген қаражатты қайтару жыл сайын жүргізіледі.

Өткен жылу беру маусымы үшін тұтынушыларға 737 млн теңге қайтарылды

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға қомақты қаржы қайтарылғанын айтты.

"2019 жылы үш жүзден астам субъектке тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуына талдау жасалып, 12,4 млрд теңгеге міндеттеме орындалмағаны анықталды. Оларға уақытша өтемдік тарифтер бекітілді. Сонымен қатар, жылу беру кезінде сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып, артық төленген қаражатты қайтару жұмысы жыл сайын жүргізіледі. Өткен жылу беру маусымы қорытындысы бойынша тұтынушыларға 737 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылды", – деді комитет төрағасы. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу