Өткен жылы 2000 теңгелік банкноталар қолдан жиі жасалған

671

Ұлттық Банк жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.   

Өткен жылы 2000 теңгелік банкноталар қолдан жиі жасалған Фото: inbusiness.kz

Былтыр Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісін анықтады. Оның ішінде 386-сы – банкнота, бесеуі – монета, деп жазады inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келесі банкнотаның қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2000 теңге – 238 дана. Бұл жалпы анықталған жалған ақша санының 60%-ын құрайды. Бұдан басқа 10 000 теңгелік банкнота – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%)", - делінген ресми хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қолдан жасалған ақшалардың негізгі бөлігі Алматыда анықталған (255 дана).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу