Өткен жылы 5,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылған

882

Өткен жылы 5,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылған

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ басшысы Оралхан Құлақовтың хабарлауынша, өткен жылы 8,9 миллион тонна астық тасымалданған. Оның 3,1 миллион тоннасы республикаішілік бағдарға тасымалданса, 5,8 миллион тоннасы экспортқа шығарылған. Жыл ішінде 3,2 миллион тонна ұн тасымалданған. Оның 0,8 миллион тоннасы ел ішінде сатылса, 2,4 миллион тоннасы экспортқа жіберілді, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Өткен жылы тиелген астық пен ұн өнімдері 13,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,3% жоғары көрсеткіш. Астықпен есептегенде 805 мың тонна артық. Экспортқа да 547 мың тонна астық артық шығарылды.
Оралхан Құлақовтың айтуынша, өткен жылы қазақстандық астық пен ұн өнімдерін тұтынушылардың географиялық нарық аумағы сақталды: Өзбекстан (2 млн тонна), Тәжікстан (1 млн тонна), Ауғанстан (2,1 млн тонна) және Иран (2 млн тонн) бағдарларына жіберілді.
Бұл өңірлерге астық 364 мың тоннаға өсті. Тасымалдау қарқыны Өзбекстанға 7%, Иранға – 26%, Ауғанстанға- 6% артты. Әсіресе, қараша, желтоқсан айларында тасымалдау қарқыны жоғарылады.
"2017 жылы Ресей мен Украинада да рекордтық астық жиналды. Бұл Қазақстанның көлік және астық нарығына да ықпал етті. Нәтижесінде, бұрын Қазақстан нарығында қызмет еткен шетелдік жеке операторлардың астық вагондары Ресейге кетіп қалды", - дейді Құлақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу