Өткен жылы ағымдағы шот тапшылығы 2 есеге қысқарды

722

Өткен жылы ағымдағы шот тапшылығы 2 есеге қысқарды

Алдын ала бағалау бойынша 2017 жылы ағымдағы шот тапшылығы 2016 жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда шамамен екі есеге қысқарып, 4,7 млрд АҚШ долларын құрады. 2017 жылғы төртінші тоқсанда ағымдағы шот іс жүзінде теңдестірілді, тапшылық 80,9 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.  
Ағымдағы шот жағдайының алдыңғы жылмен салыстырғанда жақсаруына сауда балансындағы оң сальдоның 17,5 млрд АҚШ долларына дейін (2016 жылы 9,2 млрд АҚШ доллары) екі есе өсуі себеп болды. Бұл ретте 2017 жылғы 4-тоқсанда сауда балансы 5,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл соңғы үш жылдағы тоқсандық көрсеткіштің ең жоғары мәні болып табылды. 
Тауар экспорты бір жылда 32,2%-ға немесе 12,0 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 49,3 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай және газ конденсатының экспорты бағаның, нақты жеткізу көлемінің өсуі, оның ішінде "Қашаған" кен орнында өндірудің басталуына байланысты өсуі есебінен 37,8%-ға өсті. 
Қара және түсті металдар экспорты тиісінше 51,6%-ға және 27,1%-ға өсті. Тауар импорты бір жылда 13,1%-ға ұлғайып, 31,8 млрд АҚШ доллары болды, бұл ретте, өткен жылдың екінші жартысында импорттың өсу қарқынының баяулауы байқалады. 
Сауда балансының серпіні экспорттық кірістердің өсуі шетелдік тікелей инвесторлар кірістерінің 2017 жылы 15,7 млрд АҚШ долларына дейін 36,3%-ға өсуіне ықпал етті, бұл кірістердің үштен көп бөлігі қазақстандық еншілес кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу