Өткен жылы елімізде 1 мыңнан астам адам жемқорлықпен сотталды

1104

963 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылған. 

Өткен жылы елімізде 1 мыңнан астам адам жемқорлықпен сотталды

Қазақстан былтыр жемқорлық жасаған мыңнан астам адам сотталған. Оның ішінде 269 адам бос бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2020 жылы 1000-нан астам адам сотталды. 334 адам пара алғаны, 256 адам пара бергені, 146 адам алаяқтық, 98 адам ұрлық, 120 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны, 26 адам парақорлыққа делдал болғаны үшін және тағы басқа жағдайлармен сотталды. 269 адам бас бостандығынан айырылып, 142 адамның бас бостандығын шектелді. Еселік айыппұлдарға 575 адам ілікті. Қалғандары шартты мерзімге немесе үкімнің орындалуын кейінге қалдыру шешімдері бойынша сотталды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынаш қосымша жазалау шаралары 1 268 адамға (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін) қолданылған. 963 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылған. 279 адам арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан, шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік дәрежесінен және мемлекеттік наградаларынан айырылған. 26 адам мүлкі тәркіленіп сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу