Өткен жылы елімізде 700 мыңнан аса автокөлік тіркелген

728

Өткен жылы елімізде 700 мыңнан аса автокөлік тіркелген

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 703933 жеңіл автомобиль тіркелген. 

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 703933 жеңіл автокөлік тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 57,9% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3851,6 мың бірлікті құрады.

12 айда 24342 адам зардап шеккен 17019 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,3%-ға азайған.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 23,5 млрд теңге сомасына 74199 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу