Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға артып келеді.
– 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15,7 млн шетелдік азамат келді, – делінген хабарламада.
Былтыр Қазақстанға келген туристер саны бойынша ТОП-10 ел:
1. Өзбекстан – 5 590 173 адам;
2. Қырғызстан – 3 545 701 адам;
3. Ресей Федерациясы – 3 502 093 адам;
4. Қытай – 968 838 адам;
5. Тәжікстан – 883 758 адам;
6. Беларусь – 167 116 адам;
7. Үндістан – 157 845 адам;
8. Түркия – 135 952 адам;
9. Әзербайжан – 96 834 адам;
10. Германия – 95 229 адам.
Елімізге келетін шетелдік саяхатшылардың саны жылдан-жылға өсіп келеді.
– Қазақстанға 2020 жылы – 2 млн, 2021 жылы – 1,3 млн, 2022 жылы – 4,7 млн, 2023 жылы – 9,2 млн, 2024 жылы – 15,2 млн, 2025 жылы – 15,7 млн шетелдік турист келді, – делінген ресми жауапта.