Сонымен қатар ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді. Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау – ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. 2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1 600-ден астам адам ұсталды.
Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы жоғалған деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы – балалар.