Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд долларды құрады

323

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд долларды құрады Фото: Bizmedia.kz

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,2% артық.

Оның ішінде:

  • Экспорт – 78,6 млрд доллар (7% аз)
  • Импорт – 61,1 млрд доллар (20,1% көп)

Негізгі серіктес елдер

Экспорт бойынша (% үлесі):

  • Италия – 18,9%
  • Қытай – 18,7%
  • Ресей – 12,4%
  • Нидерланд – 5,2%
  • Түркия – 5%
  • Корея Республикасы – 4,8%

Импорт бойынша (% үлес):

  • Қытай – 27,4%
  • Ресей – 26,5%
  • Германия – 5,2%
  • АҚШ – 4,2%
  • Корея Республикасы – 3,6%
  • Түркия – 3,3%
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу