Өткен жылы өндірістік нысандарда 28 апат тіркелді

546

Бұдан басқа 231 оқыс оқиға тіркелген. 

Өткен жылы өндірістік нысандарда 28 апат тіркелді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысандарда 28 авария тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты.

"Салдарынан 32 адам зардап шекті, оның ішінде 15-і қайтыс болды. Өздеріңіз білетіндей, осындай авариялардың бірі өткен жылдың қараша айында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин атындағы шахтасында орын алып, салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуына, оның уақтылы ауыстырылмауына, оның ішінде жаңғыртылмауына және жөнделмеуіне байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі туындайды", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Нығмеджан Мақажановтың сөзінше, апаттар мұнай-газ, газ, мұнай-химия, көмір, тау-кен, металлургия салаларында және көтергіш механизмдерді пайдаланатын объектілерде орын алған.

"Өңірлер бөлінісінде апат Астана (4) және Алматы (2) қалаларында, Ақтөбе – 5, Атырау – 4, Шығыс Қазақстан – 3, Қызылорда – 3, Маңғыстау – 2, Алматы – 1, Жамбыл – 1, Қарағанды – 1, Қостанай – 1, Павлодар (1) облыстарында тіркелді", - деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу