Өткен жылы ТҮҚЖБ салымшыларына 23 миллиард теңге мемлекеттік сыйақы берілді

1040

Өткен жылы ТҮҚЖБ салымшыларына 23 миллиард теңге мемлекеттік сыйақы берілді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 895 360 салымшысы жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік сыйақыға қол жеткізді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Банктің  160 780 клиенті 90 760 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйақы алды. Бұған 2017 жылы шотына кем дегенде 453 800 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған салымшылар қол жеткізді. Депозитіне үлкен сома аударған клиенттер мемлекеттік сыйлықақы есептелмеген биылғы қаражат бойынша, 20 пайыздық аталған бонусты 2018 жылдың нәтижесінде ала алады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы, банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10 464 теңге болса, 2008 жылы 46 720 теңгеге дейін жетті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша банк клиенттері 96 200 теңге көлемінде ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақы ала алады. Тағы бір маңызды дүние бар! Банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны қоса алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттері жылдық мөлшерлемесі 13,3%-ға дейін баратын жоғары табыстылық көрсетіп отыр", - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. 

Осы жылдың қорытындысы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны алу үшін банк салымшыларына ай сайын шоттарына 40 000 теңгеден аударып отыру жеткілікті болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу