Өткен жылы Украинадан 61 миллион долларға кондитерлік өнім импортталды

992

Өткен жылы Украинадан 61 миллион долларға кондитерлік өнім импортталды

2017 жылы Қазақстан мен Украинаның тауар айналымы $1,6 млрд-ты құрады, деп хабарлайды LS.

Өткен жылы Украина Қазақстаннан $1,1 млрд-қа шикізат пен тауар сатып алды. Соның ішінде ең көп жеткізілген шикізат - газ ($870,8 млн), тас көмір ($54,6 млн), мырыш ($40,9 млн) және тыңайтқыш ($36,2 млн) болды .

Қазақстан бұл елден $462,1 млн-ға тауар импорттаған. Бір жыл ішінде Украинадан $61,5 млн-ға кондитер өнімдері, $39,3 млн-ға уытты сығынды, $30,4 млн-ға центрифуга, $20,9 млн-ға өнеркәсіптік жабдықтар тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу