Отырар қалашығы қайтадан тарихи келбетіне ие болады

1693

Отырар қалашығы қайтадан тарихи келбетіне ие болады

Отырар қалашығы алдағы жылдары қалпына келтіріліп, тарихи келбетіне ие болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Көне шаһарда бас қосқан сәулетші-ғалымдар мен археолог-тарихшылар заманында Отырардың агломерациясы жақсы дамығанын айтты. Мәселен, қалашықтың айналасында бірнеше төбешіктер бар. Олардың бәрі толық зерттеуді қажет етеді. Осындағы "Алтынтөбеде" тиын мен әшекей бұйымдар жасалған. Ал "Жаман төбеде" мал соятын, "Шақты төбеде" пышақ қайрайтын орындар болыпты. Қазір көне қалашықтың орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ескі мешіт пен медресенің орны да аршылып жатыр.

Келешекте Отырар қаласы аспан астындағы музейге айналады. Оған республикалық және облыстық қазынадан қаржы да қарастырылды. Әсіресе туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Арыстан баб, Отырар музейі мен ежелгі қаланы көруге жылына 300 мыңдай турист келеді. Болашақта бұл межені миллионға жеткізу көзделген. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу