Отырарда бидай ору науқаны басталды

386

Қарғалы ауылындағы шаруашылықтар төрт жылдан бері тұрақты өнім алып келеді.  

Отырарда бидай ору науқаны басталды Фото: gov.kz

Түркістан облысы Отырар ауданында биылғы астық жинау науқаны басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарғалы ауылындағы шаруалар 60 гектар алқапқа егілген бидайды оруға кірісті.

Ауданда алғашқылардың бірі болып бидай өсіруді қолға алған жергілікті кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері тұрақты өнім алып келеді. Биыл да шаруалар егістіктің шығымы жоғары болғанын атап өтті.

Атап айтқанда, "Қарабала", "Төлеген" және "Төребек" шаруа қожалықтары төрт жыл қатарынан бидайдан мол өнім жинап, бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырып келеді.

Диқан қауымы жердің құнарын тиімді пайдаланып, агротехникалық талаптарды сақтаудың арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Шаруалар орақ науқанын белгіленген мерзімде аяқтап, өнімді сапалы жинап алуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу