Отырарды қалпына келтіруде ежелгі құрылыс әдістері қайта қолданылуда

304

Түркістан облысындағы Отырар қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Отырарды қалпына келтіруде ежелгі құрылыс әдістері қайта қолданылуда Фото: gov.kz

"Қазқайтажаңарту" РМК мамандары көне құрылыс технологияларын қолдана отырып, көне кешеннің жекелеген бөліктерін қалпына келтіріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалашық аумағындағы тұрғын үйлер қабырғаларының жекелеген бөліктері бекітіліп, зақымданған тұстары жөнделді. Ежелгі ошақтың сылақ қабаттары да қалпына келтірілді. Сонымен қатар кіреберіс жол ретке келтіріліп, бүлінген сылақ қабаты жаңартылды.

Қалашықты айнала қоршаған орды жауын-шашынның әсерінен қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Оның бетіне сабан араластырылған арнайы сылақ жағылды. Дәстүрлі әдіспен дайындалған бұл қоспа қорғаныш қабатын нығайтып, түрлі сыртқы әсерден болатын бүлінуді азайтады.

Ғылыми-реставрациялық жұмыстарда Отырардың тарихи ерекшеліктері ескеріліп, археологиялық ескерткіштің түпнұсқа келбетін сақтауға басымдық беріліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу