Өз еркімен АҚШ-тан көшетін мигранттарға 1000 доллар беріледі

297

АҚШ билігі еліне өз еркімен кететін заңсыз мигранттарға ақша төлемек.  

Өз еркімен АҚШ-тан көшетін мигранттарға 1000 доллар беріледі Фото: Reuters

Ішкі қауіпсіздік министрлігі CBP Home атты арнайы қосымшаны іске қосты.

Заңсыз жүрген шетелдіктер осы қосымша арқылы АҚШ-тан өз еркімен кету туралы өтініш қалдырса, көші-қон қызметкерлері оған ұшаққа тегін билет алып береді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Әл-Жазира" агенттігіне сілтеме жасап. 

Мигрант өз еліне оралғаннан кейін CBP Home қосымшасы арқылы АҚШ территориясынан шыққанын растаса, оған 1000 доллар төлемек. Бұл бағдарлама екі жаққа да тиімдірек.

"Шығыны күштеп депортацияларға жұмсалатын қаржыдан кемі 70%-ға арзан", - дейді мамандар.

Жалпы Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметіне қарағанда, бір құжатсыз мигрантты ұстау, қамау және елден шығару үшін орташа есеппен 17 мың доллар жұмсалады.

Ал, Трамп әкімшілігі елден өз еркімен кететіндер АҚШ-қа заңды келу мүмкіндігін сақтап қалады деп отыр.

Бұған дейін АҚШ Президенті Трамптың депортациялау бойынша жоспары туралы жазғанбыз. Ақ үй басшысы жылына 1 млн мигрантты елден шығаруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу