Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

1187

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында 2017 жылғы 2 наурызда ҚР үкіметі,  ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ және оның ірі акционерлері, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ және "БТА Банк" АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Меморандумға сәйкес "Қазақстанның Халық банкі" АҚ "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуға ниетті.

Өз кезегінде, "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алу жөніндегі әлеуетті мәмілені іске асыру үшін ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық банкі "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-тың проблемалық активтерді сатып алуы жолымен қаржылық қолдау көрсетуге ниеттеніп отыр.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі банктердің менеджменті мен акционерлері "Қазақстанның Халық  банкі" АҚ пен "Казкоммерцбанк" АҚ арасындағы келіссөздер процестерінің басталғаны туралы хабардар етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу