Өзбек депутаттарына ала шапан кию міндеттелуі мүмкін

1049

Өзбек депутаттарына ала шапан кию міндеттелуі мүмкін

Өзбекстанда депутаттар қызмет орнында ұлттық киім киюі мүмкін. Бұндай ұсынысты РУз ұлттық университетінің доценті, инновациялық технология орталығы директорының орынбасары Мирякуб Хайдаров ұсынды, деп хабарлайды ozodlik.org.

Оның пікірінше, депутаттар европалық үлгідегі киім кимеуі керек, өзбек ұлты ұлттық құндылық пен дәстүріне қайта оралуы қажет. Мұны алдымен депутаттар қызметтік орнында ұлттық киім киюмен бастағаны жөн. Мысалы, жазда жібек шапанмен, ал қыста жүн немесе барқыттан болған шекпенді ілгені дұрыс.
Өзбек парламентінде әртүрлі ұлт өкілі бар. Хайдаров олар не киетінін өздері шешеді дейді.

Сонымен қатар ол мектеп формасына да ұлттық элементтерді қосуды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу