Өзбекстан АҚШ-тан шағын реакторлар сатып алмақ

318

Тараптар маңызды минералдарды бірлесіп өндірмек. 

Өзбекстан АҚШ-тан шағын реакторлар сатып алмақ Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

АҚШ Мемлекеттік департаменті Өзбекстан мен АҚШ президенттері келіссөздерінің қорытындысы бойынша қандай келісімдерге қол жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Келісімдерге сәйкес, АҚШ бірлесіп игерілетін пайдалы қазбалар кен орындарына басым қол жеткізу құқығын алады. Сонымен қатар тараптар маңызды минералдар кен орындарының бірлесіп жасалған карталары бойынша деректер алмасады.

Бұдан бөлек маңызды минералдар мен сирек жер металдарының тасымалдау тізбегін арттыру үшін 400 миллион долларға дейін инвестиция салу жоспарланған. Ал Өзбекстан америкалық энергетикалық компаниялардан шағын модульдік ядролық реакторлар сатып алу бойынша міндеттеме алды.

Биылғы мамыр айында АҚШ Ядролық реттеу комиссиясы NuScale Power Module атты 77 мегаваттық жаңа шағын модульдік реактор нұсқасын мақұлдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу