Өзбекстан халқының саны 37 миллионға жетті

378

Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі мәлім етті.

Өзбекстан халқының саны 37 миллионға жетті Фото: Getty Images

2024 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 37 000 291 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болды.

Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% өсті.

2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан.

Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр.

2024 жылда әр күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 1,8 мың адамға артып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу