Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Израильдің Қатар астанасы Доха қаласына жасаған әуе шабуылын айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өзбекстан Республикасы Израильдің Доха қаласындағы тұрғын ауданға жасаған соққысын айыптайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендігіне, шекарасының мызғымастығына және қауіпсіздігіне нұқсан келтіру деп бағаланады. Мұндай іс-әрекеттер БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен нормаларына қайшы келеді", – делінген хабарламада.
Өзбекстан халықаралық қатынастарда күш қолданудың кез келген түріне және Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі ахуалды ушықтыратын әрекеттерге қарсы екенін білдірді.
Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарда Израиль жасаған әскери акцияны айыптағанын жазған болатынбыз. Трамп Израильдің Қатарға жасаған шабуылы туралы айтты.