Өзбекстан-Қазақстан бағытында автобустар қашан жүретіні белгілі болды

2006

Коронавирус пандемиясына байланысты қос мемлекет халықаралық автобус қызметі тоқтаған. 

Өзбекстан-Қазақстан бағытында автобустар қашан жүретіні белгілі болды

Биыл 16 наурыздан бастап Өзбекстан-Қазақстан бағыты бойынша автобустер жүре бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстанның көлік министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 16 наурыздан бастап қос ел арасында автобустар жүреді. 

Тасымалдаушылар Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент – Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Сырдария, Чирчик – Шымкент, Чирчик – Алматы бағыттары бойынша қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы бақылау өткізу пунктеріндегі шектеулерді алып тастады.

"Арнайы комиссияның шешімімен вакцинация сертификаты болған жағдайда Өзбекстанға кіру үшін ПТР-тест тапсыру талабы, әрі Қазақстанмен шекарадағы өткізу пункттері арқылы барлық адамның жүріп-тұруына шектеулер алынып тасталады", – деп жазылған хабарламада.

Өткен жылы 16 наурызда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық автобус қызметі коронавирус пандемиясы байланысты тоқтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу