Өзбекстан Қырғызстанға көгілдір отын жеткізуді қысқартты

502

Мұндай мәселе жыл сайын қыс мезгіліне қарсы көгілдір отынды тұтынудың күрт өсуіне байланысты өзбек кен орындарындағы газдың тапшылығынан туындайды. 

Өзбекстан Қырғызстанға көгілдір отын жеткізуді қысқартты Фото: anhor.uz

Өзбекстан өткен аптада газ экспортын толығымен тоқтатты, деп хабарлайды бүгін inbusiness.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаевтың айтуынша, республика бастапқыда 10 миллион текше метр газ экспорттауды жоспарлаған. Алайда, қазіргі экспорт 1 миллион текше метрге де жетпейді.

Қырғызстанның оңтүстігі Өзбекстаннан келетін табиғи газбен қамтамасыз етіледі. "Газпром Қырғызстан" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Александр Гребенюк түсіндіргендей, өткен күзгі-қысқы кезеңде елдің оңтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуімен "Ходжаобад — Ош" пен "Урсатьевская — Ферғана" магистральдық газ құбырларында табиғи газ қысымының күрт төмендеуі байқалған.

"Газ жеткізу мәселесі тәулік бойы бақылауда. Газ құбырларындағы апаттық жағдайларды болдырмау үшін, сондай-ақ республиканың оңтүстігіндегі ең ірі тұтынушыға — Ош қаласының абоненттеріне (бюджеттік ұйымдар, көппәтерлі үйлер) табиғи газ жеткізудің басымдықтарын ескере отырып, жеке сектор тұтынушыларына газ беруді шектеуге мәжбүр боламыз", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу