Өзбекстан мақтанышы: Tarlon 4×4

914

Жол талғамайтын көлік қауіпті аймақта жүретін әскери бөлімшелердің жеке құрамын тасуға арналған.

Өзбекстан мақтанышы: Tarlon 4×4

Tarlon 4×4-тің тәжірибелік нұсқасын Kran va Maxsus texnikalar әзірледі. Арнайы техника жасаумен айналысатын компания мобиль топтарды қолдауға, жауынгерлік потрульге, экипаж қорғауға, десантқа арналған машина жасап шығарады. 

Оқ өткізбейтін көлік бортына тоғыз адам сияды. Төбесінде пулемётке арналған тунелі бар. Автомобиль 285 а.к. беретін дизельді турбомотормен және автомат қорабымен жабдықталған. Tarlon-ның бір реттік жүріс қоры 750 шақырым.

Инженерлердің айтуынша, өзбекстандық әскери көлік мықтылығы жағынан шетелдік үлгілерден артық болмаса кем емес. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу