Өзбекстан мен Үндістан азаматтары Қазақстандағы шетелдік студенттер қатарында көш бастап тұр

435

Мұндай деректер ұлттық статистика бюросы дайындаған жылнамада ұсынылды.   

Өзбекстан мен Үндістан азаматтары Қазақстандағы шетелдік студенттер қатарында көш бастап тұр Фото: Радио Азаттык

Қазақстанның жоғары оқу орындарына түскен 547 мың студенттің 27 мыңнан астамы шетелдіктер, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Олардың қатарында Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр – 14,4 мың адам, одан кейін Үндістан – 5,9 мың оқушы, түрікмендер үштікті 2 мыңға жуық адаммен жабады", - делінген бюро ақпаратында.

Одан кейін келесі елдердің студенттері: Ресей – 1 263, Моңғолия – 1 010, Қытай – 811, Қырғызстан – 659, Иордания - 546, Тәжікстан – 389, Түркия - 266, Пәкістан – 229, сондай-ақ Ауғанстан - 166.

Сонымен қатар, Қазақстанда 14 америкалық, 23 неміс, 2 испандық, 1 итальяндық, 12 француз, 2 поляк, Нигериядан 7 адам, Сомалиден 3 адам мен Бангладештен 1 адам оқиды. Бюро білім беру туризмі Қазақстан экономикасының мықты тұсы емес екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу