Өзбекстан павильоны өзбек елінде жүргендей әсер қалдырады

963

Өзбекстан павильоны өзбек елінде жүргендей әсер қалдырады

EXPО көрмесінде Өзбекстан павильоны да өз жетістіктерін көрсетіп жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.

Сан түрлі оюмен өрнектелген, тігісі жатық, тоқуы келіскен кілемдер мен дәмі тіл үйіретін тәттілерден тұратын павильон қонақтан босамай тұр. Жаңа технологиямен арнайы өсірілген көкөніс көздің жауын алады. Ал ең бастысы – күн сәулесі және электр қуатымен жүретін көліктер.

"Бұл өнімдер – өзбек елін өзгеге таныстыратын басты ерекшеліктер", – дейді көрме жетекшісі.  

Азиза Момынова, Өзбекстан павильонының жетекшісі:

- Біздің көрмеміздің бірінші қабатында Өзбекстанның болашағын танытатын нанотехнологиялар орналасқан. Ал екінші қабатты өз еліміздің бір бөлшегіндей етіп жасадық. Мұнда келген әрбір көрермен өзін Өзбекстанда жүргендей сезінуі тиіс, - дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу