Өзбекстан Президенті Астанаға келеді

107

Шавкат Мирзиёев 21-22 сәуір күндері Астанаға жұмыс сапарымен келеді.  

Өзбекстан Президенті Астанаға келеді Фото: president.uz

Сапар аясында ол Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесулер барысында Орталық Азиядағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ экология, климат және су ресурстарына қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Айта кетейік, 22-24 сәуір аралығында Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және БҰҰ қолдауымен Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу