Өзбекстан президенті шетелдегі елшілеріне тәулігіне бес туристен тартуды міндеттеді

848

Өзбекстан президенті шетелдегі елшілеріне тәулігіне бес туристен тартуды міндеттеді

Өзбекстанның шетелдегі елшілеріне қойылатын талабы күшейтілді, деп хабарлайды 24kz.

 Дипломаттар тәулігіне кем дегенде бес турист тартуы керек. Өзге елдегі өкілдерін кері шақырып алған Шавкат Мирзиеев мәселені осылай төтесінен қойды. Ал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара байланыс өзгелерге үлгі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы ағын суды ортақ пайдалану жөніндегі келісімге келу, шекарадағы барыс-келістің жақсаруы және автобағыттың ашылуы бауырлас елдердің достығын нығайтатындығын жеткізді. Сондай-ақ Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің және елшілердің қызметін жан-жақты зерттеп, түбегейлі жақсарту мақсатында арнайы комиссия құрылды. 15 күннің ішінде тіпті аттестация тапсырады. Алдағы атқаратын жұмыстарын жүйелей алмаған дипломат жұмысқа жіберілмейді.

"Енді әрбір елші жұмыс күнін өзіне бекітілген аймақ әкімдеріне қоңырау шалып кеңесуден бастайды. Экспорт пен туризмді дамыту, инвестиция-бизнес саласын күшейту мақсатында нақты жоспарларды тездетіп жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Бір нақты айта кететін жайт, осы жиыннан кейін елшілер өзіне бекітіп берген аумақтар мен кәсіпорындарға барып, ынтымақтастық жөніндегі нақты жобаларын жасауы тиіс. Ертеңін болжай алмаған елші қызметіне жіберілмейді", – деді Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу