Өзбекстан тарапы өтемақы төлей ме?

983

Әлі де су келу қаупі бар. 

Өзбекстан тарапы өтемақы төлей ме?

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың желідегі парақшасында өткізген онлайн-брифинг барысында журналистер "Өзбекстан тарапы өтемақы төлей ме" деген сауал жолдады. БАҚ өкілдерінің бұл сұрағына байланысты ол Өзбекстан туралы нақты ақпарат бере алмайтынын жеткізді.

"Өзбекстан туралы ештеңе айта алмаймын. Ол мүлдем басқа ел. Оларды кінәлай да алмаймын. Ал Мақтаарал ауданындағы жапа шеккен бірде-бір адам назардан тыс қалмайды", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар ол қанша су келетіні әлі белгісіз, Өзбекстан тарапынан нақты ақпарат бүгін берілетінін мәлімдеді.

"Су біз жақтан келіп жатқан жоқ. Сондықтан әлі қанша су келетінін білмейміз. Өзбекстан тарапымен ресми ақпарат алмасу ретке келтірілген жоқ. Олар бүгін кешке қанша су кетті, оқиға орнындағы жағдай туралы ресми мәлімет беруі керек. Біздің бағалауымызша 300 млн текше метр су келді. Алайда бұл тек біздің болжамымыз ғана.  Оның нәтижесі туралы алдағы уақытта хабарлаймыз", – деді Сәкен Қалқаманов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу