Өзбекстан туризмді дамытуға 8,5 млн $ бөлді

547

Биыл Өзбекстан билігі туризм саласына 8,5 миллион доллар бөлді.

Өзбекстан туризмді дамытуға 8,5 млн $ бөлді Фото: Darakchi

Бұл қаржыға елде саяхаттың барлық түрін дамыту көзделіп отыр. Соның бірі спорт туризмі. Шетелдіктердің ел өңірлеріне қызығушылығын арттыру үшін Ферғана облысында "Алтын алқап" марафоны ұйымдастырылды. 

Халықаралық сайыс Қырғызстаннан бастап Непалдан келген 7 ел студенттерінің басын қосты. 200-ден астам әуесқой спортшы 2 және 5 шақырымда жүгіруден бақ сынады. Жеңімпаздарға 11 миллион сумнан астам ақшалай сыйлық табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу