Өзбекстан үкіметі ауыл шаруашылығына тікелей несие беретін болады

940

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ауыл шаруашылығы министрлігіне банктерді айналып өтіп, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 130 млн несие беруді тапсырды. 

Өзбекстан үкіметі ауыл шаруашылығына тікелей несие беретін болады Фото: i0.wp.com

Бұл туралы "Ферғана" АА Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, өзбек фермерлері 1 сәуірден бастап несие ала алады.

Ол үшін фермерлер жобаларын Министрліктің ашық электрондық платформасы арқылы қарауға ұсыну қажет.

Несие мөлшерлемесі 10 жылға дейінгі мерзімге 14% құрайды. Ақша өнімді өсіруге, өңдеуге әрі сатып алуға, сондай-ақ қажет жабдықтарды алуға жұмсалуы керек. Осы мақсаттарға барлығы $ 130 млн көзделген.

Несие сомасының 80%-ын 10 жыл ішінде бөліп төлеуге болады. Несиенің қол жетімділігін банктік сыйлықақының жоқтығы арттырады.

Кәсіпкерлер үшін тікелей кредиттерді енгізу 23 наурызда Шавкат Мирзиеев өткізген азық-түлік өнімдерін өндіруді ұлғайту шаралары мен көктемгі егіс маусымын тиімді ұйымдастыру жөніндегі кеңесте жарияланды.

Кеңесте соңғы жылдары азық-түлік дақылдарын өсіруге 200 мың гектар жер бөлініп, айналымға қосымша 500 мың гектар жер енгізілгені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу