Өзбекстан Үстіртте мұнай өндірмек

86

2028 жылдан бастап Өзбекстан Үстірт жонында алғаш рет мұнай өндіре бастайды.    

Өзбекстан Үстіртте мұнай өндірмек Фото: upl.uz

Болжам бойынша Үстірттегі мұнай қорының көлемі 100 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты Asia today-ге сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Үстірт тек газ қоры мол аймақ ретінде қарастырылса, заманауи технологиялардың көмегімен мұнда мұнай бары да анықталды.

Жоба аясында жылына 5 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланған. Бұл Өзбекстанның қазіргі мұнай импорты көлемінен 2,5 есе көп. Жобаның жалпы инвестициясы 2 млрд доллар деп бағаланып отыр.

Алғашқы үш жылда сейсмикалық зерттеу мен барлау ұңғымаларын бұрғылауды қоса алғанда, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу