Өзбекстанда 15 жастағы қызды әжесі 28 жастағы ер адамға тұрмысқа берген

404

Қызды мәжбүрлеп тұрмысқа беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзбекстанда 15 жастағы қызды әжесі 28 жастағы ер адамға тұрмысқа берген Фото: rus.azattyq.org

Өзбекстанның Сурхандария облысына қарасты Денау ауданында 15 жастағы қызды діни рәсім бойынша тұрмысқа берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.

Ақпаратты Парламент жанындағы Балалар құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 8 шілде күні Денау ауданындағы әйел өз немересін 28 жастағы ер адамға тұрмысқа беріп, неке рәсімін ұйымдастырған. Бұл неке заң бойынша тіркелмеген. Алайда 75 жастағы имам діни неке қию рәсімін ақшаға өткізген.

22 қыркүйекте имамға қатысты неке қию тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін ол 75-150 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 360-400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сонымен қатар 2-3 жылға дейін түзету жұмыстары да көзделген.

Ал 28 жастағы ер адамға қатысты кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін іс қозғалды. Оның 5 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу