Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

261

Қылмыстық топ құрамында Ташкентте және Ташкент, Ферғана, Бұхара мен Қашқадария облыстарында тұратын 12 адам болған.  

Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді Фото: gov.uz

Өзбекстанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) мен Ішкі істер министрлігі (ІІМ) адам ағзасы мен тіндерін заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты UzNews-ке сілтеме жасап.

UzNews мәліметінше, топ құрамында Ташкентте және Ташкент, Ферғана, Бұхара мен Қашқадария облыстарында тұратын 12 адам болған. Олар әлеуметтік желілер арқылы бүйрек пен бауыр ауруына шалдыққан науқастарды тауып, сау адамдарды ағзасын сату үшін қомақты сыйақымен қызықтырған.

Тергеуге сүйенсек, күдіктілер шетелдегі байланыстары арқылы жеке куәліктерді қолдан жасап, донорларды науқастардың туысы ретінде көрсеткен. Ағза трансплантациясы көрші елдегі жеке клиникалардың бірінде жүргізілген.

"2023 жылдан 2025 жылға дейін бұл топ 32 науқасқа бүйрек пен бауыр тіндерін ауыстыруды ұйымдастырған. Науқастардан алынған қаражаттың бір бөлігі клиникалар мен донорларға төлем ретінде жұмсалса, қалғанын топ мүшелері өзара бөліскен. Сонымен қатар, отадан кейін жағдайы жақсармаған науқастарға топ мүшелері күшті ауырсынуды басатын дәрілерді нарықтық бағадан әлдеқайда қымбатқа сатқан", – делінген Өзбекстанның ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу