Өзбекстанда әскерге шақырылатындар мен келісімшарт бойынша қызметке алынатындар есірткіге тексеріледі

1184

Тиісті тәртіпті Өзбекстанның Әділет министрлігі тіркеді.  

Өзбекстанда әскерге шақырылатындар мен келісімшарт бойынша қызметке алынатындар есірткіге тексеріледі Фото: nova24.uz

Медициналық тексеру 2 кезеңнен тұрады. Алдымен экспресс-тест жүргізіледі. Егер оның нәтижесі оң болса, сынама қосымша зертханалық тексеруге жіберілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Есірткіге жүргізілген тест нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ сынама беруден бас тартқандар әскери-дәрігерлік куәландырудан өтуге жіберілмейді.

Өзбекстанда мерзімді әскери қызметке шақырылатындар мен келісімшарт бойынша әскери қызметке барғысы келетін азаматтар есірткі қолданған-қолданбағаны бойынша тексеруден өтеді.

Медициналық тексеру есірткі заттарын қолдану фактілерін ерте анықтау мақсатында Республикалық сот-медициналық сараптама ғылыми-практикалық орталығы мен оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі.

Тексеру барысында алынған азаматтардың жеке деректері, биологиялық үлгілері мен зерттеу нәтижелерінің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу