Өзбекстанда авторитеттердің "атасы" Сәлім байбатша ұсталды

6742

Жалғанды жалпағынан басқан криминалдық авторитеттерге тықыр таяған ба дерсіз. 

Өзбекстанда авторитеттердің "атасы" Сәлім байбатша ұсталды Фото: @nurseiitzhylkyshybai

Орталық Азия елдерінде соңғы уақытта авторитеттердің соңына түсу үрдісі пайда болған сияқты. Мұндай жағдай алдымен Қазақстанда, одан кейін Қырғызстанда бой көрсетті. Бізде Дикий Арман аталған Арман Жұмагелдиев қамауға алынса, Қырғызстанда Қамшы Көлбаев деген заңдағы ұры өлтірілді.

Көштен қалмайық деген бе, енді міне, Өзбекстан билігі де өз елінің аумағындағы криминалды авторитеттердің шетінен ұстап жатыр. Өзбекстандағы ең танымал, ең байырғы авторитет – Сәлім Қырғызбайұлы Абдувалиев. Оны Өзбекстан халқы Сәлімбай немесе Сәлім байбатша атап кеткен. 1 желтоқсан күні Сәлім Абдувалиев қамауға алынды.

Қазір оны тергеу алды тексеру жұмысы басталды деп жатар. Нақты қандай айып тағылып жатқаны жайлы айтылмаған.

Оны бүкіл криминалдық жүйенің басында тұрған адам деп те айтады. Әрі оның Өзбекстандағы ең бай адам деген дақпырты тағы бар. Бай екені рас болса керек. Байлығының қандай екені бірер жыл бұрын қызын ұзатқанда көрінген. Тойына Әзірбайжанның бұрынғы үкімет басшысы Аббас Аббасов, Ресей премьер-министрінің орынбасары Олег Сосковец, Ресейдегі Ингуш республикасының президенті, атышулы генерал Руслан Аушев, тағы ба қа көптеген белгілі тұлғалар мен танымал эстрада жұлдыздары барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу