Өзбекстанда балалар өліміне әкелген шәрбат өндірушінің лицензиясы алынды

613

Үндістанның фармацевтикалық өнімдер экспортын жылжыту кеңесі Өзбекстанда 18 баланың өмірін қиған жөтел сиропын өндіруші Marion Biotech Pvt.Ltd компаниясының куәлігін жарамсыз деп таныды.    

Өзбекстанда балалар өліміне әкелген шәрбат өндірушінің лицензиясы алынды Фото: Google

"Док-1 Макс" шәрбатында этиленгликоль мөлшері нормадан 300 есеге асып кеткен. Бұл туралы Үндістанның фармацевтикалық өнімдердің экспортын ілгерілету кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Marion Biotech компаниясы Pharmexcil компаниясының "Док-1 Макс" жөтел шәрбатына қатысты еш жауап бермегендіктен Заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

"Біз Marion Biotech компаниясынан дәрі-дәрмекті берген лицензиаттар туралы деректерді, импорттаушылардың аты-жөні мен байланыс деректерін, өндіріс лицензияларының көшірмелерін және өнімге рұқсат қағазын сұрадық. Сонымен қатар оларға болған жағдайдың себебін зерттеп, хабар беруін ұсындық. Одан әрі қажетті шараларды қабылдау үшін қорытындылар кеңесі фирмадан өз жауабын 29 желтоқсанда жұмыс аяқталғанға дейін жіберуді сұрады. Алайда кеңеске келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалар келмеді. Pharmexcil осымен Marion Biotech Pvt. Ltd мүшелігін тоқтатқанын жариялады", - деді Pharmexcil бас директоры Удая Бхаскар.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігінің қызметкерлері елшілік қызметкерлеріне дәрілер партиясында этиленгликоль бар екені туралы хабарлады. Бұл рұқсат етілген деңгейден 300 есе жоғары.

Сот отырысы барысында анықталғандай, 2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Самарқанд облысының балалар көпсалалы медициналық орталығына 6 жасқа дейінгі жедел бүйрек жеткіліксіздігімен 21 науқас бала түскен, 15-і-үшке де толмаған балалар. Нәтижесінде үш бала емделіп, үйлеріне жіберілсе, қалған 18-і қайтыс болғанын еске саламыз.

Бүгін тағы бір баланың ЖРВИ-ға қарсы үнділік дәріден уланып қалғаны белгілі болды. Жөтел сиропын ішкен бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Қабылдау-диагностика бөлімінде анамнез жазылды. Жағдай 2022 жылдың 28 желтоқсанында болған. Алайда, бұған қатысты жайт қазір белгілі болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу