Өзбекстанда бюджет есебінен мерекелік дастархан жайып, корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

262

Ақпаратты үкімет басшысының баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов растады. 

Өзбекстанда бюджет есебінен мерекелік дастархан жайып, корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды Фото: pixabay.com

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов мемлекеттік органдарға бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен жаңа жылдық корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салды. Бұл туралы өткен аптада алдағы мерекеге арналған жиында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, барлық министрліктерге, ведомстволарға және басқа да мемлекеттік ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға, шаруашылық серіктестіктеріне және мемлекеттік үлесі бар коммерциялық банктерге бюджет қаражаты есебінен жаңа жылдық шараларды немесе ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынады.

"Бюджеттік ақша бұл – халықтың ақшасы. Оның әрбір тиыны маңызды. Халқымыз бұл ақшаны ойын-сауық өткізу үшін берген жоқ", - деп түсіндірді Үкімет басшысы.

Алайда, мемлекеттік органдардың басшылығы мен қызметкерлеріне мерекелік іс-шараларды өз қаражаты есебінен өткізуге тыйым салынбайды.

Айта кетейік, Өзбекстан үкіметінің басшысы өткен жылы да бюджет есебінен мерекелік шараларды өткізуге тыйым салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу