Өзбекстанда газ құю бекетіндегі жарылыстан 6 адам қаза тапты

574

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.  

Өзбекстанда газ құю бекетіндегі жарылыстан 6 адам қаза тапты Фото: бейнежазбадан

Өзбекстанның Қашқадария облысы Қаршы ауданында тұрмыстық газ баллондарын толтыру станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

8 маусым күні болған жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Өрт шамамен бір сағат ішінде толық сөндірілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде төрт көлік пен жер астындағы екі жанармай резервуары зақымданған.

Қазіргі уақытта жарылыстың нақты себептері анықталуда. Оқиғаға байланысты Өзбекстан үкіметі арнайы комиссия құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу