Өзбекстанда халық санағы аяқталуға жақын

195

Жиналған мәліметтер келешекте елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын болжау үшін пайдаланылады.    

Өзбекстанда халық санағы аяқталуға жақын Фото: stat.uz

Көрші елде халық санағы соңғы рет 1989 жылы өткізіліп, сол кездегі мәлімет бойынша тұрғындар саны 19,81 млн болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Былтыр Өзбекстанда халық саны 38 миллион адамнан асқан.

Араға 37 жыл салып ұйымдастырылған шара 45 күнге созылады. Санақтың алғашқы екі аптасы онлайн өтті. Халық арнайы портал арқылы форманы электронды түрде толтырды. Статистика комитетінің мәліметіне сай онлайн санаққа 29 миллионнан астам адам қатысты, бұл тұрғындардың шамамен 81 % құрайды.

Бүгінде санақшылар үй-үйді аралап, онлайн өтпеген тұрғындарға сауалнама жүргізіп жатыр. Санаққа арнайы дайындықтан өткен 55 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. 71 сұрақтан тұратын сауалнама қорытындысына сай, маңызды демографиялық деректер жиналады. Осы арқылы халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалына болжам жасалмақ.

Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, Өзбекстандағы жалпыұлттық халық және ауыл шаруашылығы санағының алдын ала қорытындысы осы жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу