Мыңдаған қауыннан құрастырылып жасалған "Жалолиддин Мангуберди" пойызы көпшіліктің көзайымына айналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Инсталляция жанында суретке түскісі келген жергілікті тұрғындар мен туристер ұзын-сонар кезекке тұрды.
Ерекше композиция Ташкент пен Хиваны байланыстыратын жоғары жылдамдықты пойыздың үлгісі ретінде жасалған.
Дәстүрлі қауын фестиваліне елдің түкпір-түкпірінен Хиуаға жиналған фермерлер әртүрлі климаттық жағдайда өсірілген қауындарды, соның ішінде сирек кездесетін сорттарды ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу