Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 10,8 мыңнан асты

377

Көршілес мемлекет 1 тамызға дейін карантин жариялаған.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 10,8 мыңнан асты Фото: ria.ru

Өзбекстанда Сovid-19 вирусын жұқтырғандардың саны соңғы тәулікте 379 адамға көбейіп, 10838-ге жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, осы күнге дейін 41 адам індеттен қаза тауып, 6811-і аурудан айыққан. Қазір 3986 тұрғын ем қабылдап жатыр, оның 24-і ауыр, 13-і өте ауыр халде.

Ел президенті Шавкат Мирзиеев маусымның соңында коронавирусөа қатысты жағдайдың нашарлап кеткенін мәлімдеп, пандемиямен күресті күшейту керектігін жеткізген болатын. 1 шілдеден бастап дерт көп таралған аймақтардағы қоғамдық орындарда үш адамнан көп жиналуға, сондай-ақ 23.00 мен 07.00 аралығында үйден шығуға (дәріхана мен дүкенге шығуға рұқсат) тыйым салынды. 

Еске сала кеткен жергілікті билік 1 тамызға дейін карантин жариялаған. Вирустың таралуына байланысты өңірлер "қызыл" (қауіпті) , "сары", "жасыл" (қауіпсіз) аймақтар болып бөлінді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу