Өйткені елде ыстық 40-45 градустан түспей тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердың айтуынша, термометр бағанасы тамыз айының 10-на дейін төмендемейді. Сол себепті пойыздар да сол уаққа дейін ақырын жүруге тиіс. Биыл Өзбекстанда кейінгі 100 жылда тіркелмеген аптап ыстықтар болды.
Дүниежүзілік банктің келтірген деректеріне сүйенсек, алда жаз ұзарып, аптап көбейе береді. 2050 жылға қарай Орталық Азия мен Еуропаның кей мемлекеттерінде ыстық күндердің саны 70-ке дейін жетеді.
Ал 50 градус қалыпты жағдайға айналмақ. Бұл – адам өміріне қауіпті. Аптап ыстық өлім-жітімді көбейтуі мүмкін.
"25 маусымда басталып, тамыз айының 3-іне дейін жалғасатын аралықта елде құрғақ ауа райы орнайды. Орташа есеппен 38-40 градусты көрсететін. Алайда билғы температура жаңа рекорд орнатты. Жалпы алғанда аптап ыстық жылдан жылға күшейіп келеді. Аймақта климаттың жылдам өзгеріп жатқанын аңғарып отырмыз", – деп мәлімдеді "Узгидромет" орталығының ғылыми қызметкері Еркен Аблахатов.