Өзбекстанда су қоймасының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

1472

Тергеу амалдарын жүргізу Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жүктелді.   

Өзбекстанда су қоймасының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылып, ауылдарды су басуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Өзбекстан Бас прокуратурасының  баспасөз қызметі. 

"Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылып, су басу фактісіне байланысты 1 мамыр күні 207- баптың 1- бөлімі бойынша (қызметтік салғырттық), 258- бап 2-бөлімінің "б" пункті (жарылыс қаупі бар таулы, құрылыс аймақтарында қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар көрші елдің Бас прокуратурасы тергеу амалдарын жүргізу Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жүктелгенін мәлімдеді. 

Еске сала кетсек 1 мамыр сағат 05:55-те Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданындағы екі ауылды су басып, елдімекен тұрғындары эвакуацияланды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу