Өзбекстанда валютаға сұраныс ұсыныстан 3,8 млрд долларға асты

582

Дефицит 4 млрд долларға жуықтаған.

Өзбекстанда валютаға сұраныс ұсыныстан 3,8 млрд долларға асты

Өзбекстанда валютаға деген сұраныс ұсыныстан асып кетіп, тапшылықтың орнын толтыру үшін монетарлық алтын сатылған. Дефицит 4 млрд долларға жуықтаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Ала шапанды ағайындардың ішкі валюта нарығында жалпы ұсыныс 11 млрд 700 млн долларды құраса, сұраныс 15 млрд 500 млн долларға жеткен. Оның көп бөлігін, яғни 13 млрд 700 млрд долларын заңды тұлғалар сатып алған. Ал жеке тұлғалардың үлесінде небәрі 1,8 млрд доллар болған.

Өзбекстанның Орталық банкінің мәліметінше, шетел ақшасының негізгі бөлігі құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек импортына, сыртқы қарыздарды жабуға жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу