Өзбекстандық шеберлер 13,2 миллион долларға қолөнер бұйымдарын экспорттаған

602

Шикізатпен қамтамасыз етіп, салықтан босату. Бұл 2017-жылы Өзбекстанда қолөнер шеберлерінің жұмысына қатысты қабылданған заң жобасы. 

Өзбекстандық шеберлер 13,2 миллион долларға қолөнер бұйымдарын экспорттаған Фото: Fergana.agency

Оған сай ұсталар сатылған өнімдері үшін тұрақты салық төлемейді. Ал егде жастағы азаматтар мен денсаулығында кінәраты бар жандар зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, қолөнер шеберлері жеңілдетілген несие алады. Оның пайызын мемлекет өтейді. Былтыр елде осы бағдарламамен 100 мыңға жуық шеберхана ашылған. Оның 68 пайызында нәзік жанды кәсіпкерлер ісін дөңгелетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу