Өзбекстанмен шекарадағы екі өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істемек

106

Құжатпен бірқатар өзгерістер енгізу көзделіп отыр.  

Өзбекстанмен шекарадағы екі өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істемек Фото: inform.kz

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Әлішер Сатвалдиевтің айтуынша, аталған хаттамаға 2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында қол қойылды.

"Бұл құжат "Сырдария – Малик" және "Целинный – Ок олтин"  автомобиль пункттерінің мәртебесін екіжақтыдан халықаралық (көпжақты) мәртебеге өзгертуді көздеген. Сондай-ақ, жұмыс істеу тәртібін "жарық уақыттан" "тәулік бойына" ауыстыруды көздейді. Бұдан басқа, Хаттамада жоғарыда аталған шекаралық өткелдерді "тек жеңіл автокөлік үшін" шектеулі режимінен жүк-жолаушы мәртебесіне көшіру көзделеді. Атап айтқанда, "Целинный – Ок олтин" өткізу пункті жеңіл және бос жүк көлік құралдарының, сондай-ақ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарлардың жүруі үшін пайдаланылатын болады", – деді депутат.

"Сырдария-Мәлік" өткізу пункті тек жеңіл және бос жүк көліктерінің жүруіне пайдаланылатын болады. Осы өткізу пунктінде жүктер мен тауарларды коммерциялық мақсатта өткізу көзделмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу