Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады

534

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Даут-ата" - "Тәжен" (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады

"2022 жылғы 1 шілдеден бастап өзбек әріптестерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Даут-ата" - "Тәжен" (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ осы ақпарат бойынша "Каракалпакия" - "Бейнеу" бағытындағы теміржол қатынасы да тоқтатыла тұруы мүмкін.

"Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз", – дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

ҰҚК баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу