Өзбекстаннан Мақтааралға көмек жетті

742

Олардың қатарында 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман бар. 

Өзбекстаннан Мақтааралға көмек жетті

Мақтаарал ауданына Өзбекстаннан арнайы топ келді. Олардың қатарында 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман бар. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданғна тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді.

Бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу